Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметкерлерге, курсанттар мен кадеттерге ата-анасымен, достарымен және туыстарымен хат-хабар алысу үшін ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілді, деп хабарлайды inform.kz.
Ондағы мақсат — лауазымды тұлғалардың жеке құрамның моральдық-психологиялық күйіне жеке жауаптылығын қадағалау және арттыру.
Телефонда әңгімелесуге апта сайын 15:00-ден 16:00-ге дейін рұқсат етіледі, оны ұйымдастырудың сапасын қамтамасыз ету үшін жүйелі бақылау жасалады. Бұрын ұялы телефонды пайдалануға аптасына бір рет — жұма күні рұқсат етілетін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login