Телефонын тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалуы мүмкін

Қазақстандықтардың 46 пайызы өз телефонын тіркемеген. Енді олар жаңа жылда байланыссыз қалуы мүмкін. Себебі 1 қаңтардан бастап сим картасын ЖСН және телефонның IMEI кодына тіркеу туралы  жаңа заң күшіне енеді. Қазір Қазақстанда ұялы байланысқа шығатын 26 млн қолданушы бар. Соның 54 пайызы яғни 14 млн тіркеуден өткен. Әсіресе Beeline абоненттері өте белсенді. 10 млн абоненттің, 8 млн тіркеліп қойған. TELE2 және Altel байланысын қолданатын 7 млн қазақстандықтың 5 млн сим  картасын, ЖСН және IMEI кодын бір бірімен байланыстырған. Activ пен  Ксellді таңдаған 9 млн абоненттің тек 1 млн ғана тіркеуден өткен. Ал жаңа жылда байланыссыз қалмай үшін не істеу керек.

 

Қазақстандағы байланыс желісін қолданатын абоненттер саны

Оператор Абоненттер саны Тіркеуден өтті
адам %
Beeline 10 млн. 8 млн. 80%
TELE2 и Altel 7 млн. 5 млн. 71%
Activ и Ксell 9,2 млн. 1,13 млн. 12%

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login