Балқаштың орталық көшелері канализициялық қалдықтарға толып кетті. Коммуналшылар жұмыстарын тындырып, арттарын шашып кетуді әдетке айналдырғандай. Оған мына тұрғындар жіберген суреттер куә. Осыдан екі апта бұрын «Балқаш Су» мекемесі құдықтарды тазартқан. Оның ішінен шелектеп түрлі қоқыстарды алып шыққан. Алайда, үйіндіні сол күйінде жинамай кетіпті.
Тұрғындардан келген шағымның нәтижесінде коммуналшылар тазалыққа бүгін кірісті. Қоқысқа арналған прицептің сынып қалуына байланысты жұмыстар кешіктірілген көрінеді. Деседе, мамандар канализациялық қалдықтарды екі күннің ішінде жинап алуға уәде етті.
Әлібек Сақбаев–«Балхаш Су»КМК канализация және дренаж учаскесінің басшысы
« Мусордың кешіккен себебі техникалық ахауларға байланысты біз ала алмадық.Бұл өзі жоспарлы жұмыс жасап жатқанымыз.Бүгін ертең қоқыстарды жинап бітеміз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login