Балқашта қала әкімінің Өркен сыйлығына байқау жарияланды

Балқаштық жастар үшін байқау жарияланады. Бүгіннен бастап Балқаш қаласы әкімінің  «Өркен» жастар сыйлығына құжат қабылдау науқаны басталды. Онда жас лидер, жыл студенті, жас кәсіпкер сияқты 10 номинация бойынша үздіктер анықталады. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы балқаштық тұрғындар қатыса алады. Лайықты деп табылған жеңімпазға Балқаш қаласының әкімінің «Өркен» жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі. Сондай-ақ, диплом және ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • түйіндеме;
  • ұсыныс-мінездеме мемлекеттік тілде ұсынылады;
  • 2 фотосурет (көлемі 4×6)
  • марапаттарын растайтын құжат (грамота, диплом, сертификат көшірмесі, флеш -картадағы бейне-фото материалдар);
  • Мен неге «Өркен» сыйлығына лайықтымын? — тақырыбында эссе.

Ескере кетейік: өткен жылдардағы жастар сыйлығының лауреаттары қайта ұсына алмайды. «Өркен» сыйлығының үміткерлеріне бір номинациядан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.

Номинациялар 

• жастар лидері – қаланың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысып және жастар арасында қоғамдық маңызды іс-шаралар ұйымдастырып, жастардың қоғамдық қозғалысының дамуына үлесін қосқаны үшін;
• жас жұмысшы – жоғары өндірістік көрсеткіштері мен өндірістегі инновациялық және рационалдық ойлары үшін;
• жыл студенті – ғылыми жобаларды дайындауға және ғылыми- тәжірибелік конференцияларды өткізуге қатысқаны, жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында өткізілген конкурстар мен сайыстардағы жетістіктері үшін;
• жыл окушысы – ғылыми жобаларды дайындағаны, олимпиадаларда, сайыстарда жүлделі орындарды жеңіп алғаны үшін;
• жас дарын – мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысып, өнер, мәдениет, әдебиет саласында шығармашылық табыстарға жеткені үшін;
• жыл патриоты – белсенді азаматтық ұстанымы мен зор жауапкершілігі үшін, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер жасағаны үшін (адамның денсаулығы мен өмірін құтқару іс-әрекеті, қайғылы жағдайлардың алдын-алу, қылмыстың болдырмауына шара қолдану);
• жас маман – білім беру және денсаулық саласындағы жоғары жеткен жеке жетістіктері, кәсіптік шеберлігі, қызметте ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін, мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізуіне үлес қосып, белсенділік танытып әлеуметтік елеулі және қоғамдық қызметтің дамуына үлесін қосқаны үшін»;
• жыл спортшысы — спорт саласына өзіндік үлесін қосқан, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысып жетістіктерге жеткені үшін;
жас мемлекеттік қызметкер– батылды және жарқын мансаб бастамасы, саясат майданы жұмыстарының маңызды жетістіктері, жұрт алдында белсенділік танытып сөз сөйлегені, атқарылған жұмыстын тиімділігі мен нәтижелігі үшін;
• жас кәсіпкер — кәсіпкерлік рухы, басқару қабілеті, инновациялық тәсілдеме мен қаржы көрсеткіштері үшін, бизнестің әлеуметтік маңыздылығы ( жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды еңбек қызметіне тарту).

Құжаттарды «Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» жастар сыйлығы туралы» ережеге сәйкес «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  15 қарашаға дейін тапсыру қажет.  Тел. 4-47-11.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture