Қарағанды облысы бойынша білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Ш. Қожахметова бекіткен Қарағанды облысының білім ұйымдарындағы педагогтерге арналған онлайн іс-шараларын өткізудің 2017-2018 оқу жылына арналған кестесіне байланысты бұл жолғы онлайн сабақтар Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ алаңында өткізілді.
Сабақтардың жүргізу барысын облыстың 70-тен астам мектептері көре алды. Онлайн режимдегі шебер-сынып сабақтарын кәсіби біліктілігін деңгейлік курстар арқылы шыңдаған педагогтер: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Бегдербекова Б.К., тарих пәнінің екінші деңгейлі сертификатталған мұғалімі Хан Л.К., бірінші ілгерінді деңгейлік курстан өткен бастауыш сынып мұғалімі Ким Е.О. – жүргізді.
Сабақтарды өткізу барысында Қазақстан Республикасындағы жаңартылған білім мазмұнын оқыту ауқымында ең жаңа әдістер қолданылды. Сабақ барысында топта және екеуара жұмыстар, жеке тапсырмалар орындау, АКТ пайдалану әдістері белсенді жүргізілді. Сабақтарда оқушыларды қалыптастырушы бағалау ұйымдастырылды.
Қазақ тілі сабағын қорытындылау және берілген материалды бекіту мақсатында мұғалім Интернет арқылы «Kahoot» онлайн-сауалдар жүйесінде тестілеу өткізді. Оқушылар қойылған сұрақтарға тез және дұрыс жауап бере отырып, жақсы көрсеткіштерге болды.
Сабақтарды өткізу барысында «Мәңгілік Ел» идеясының басты құндылықтары, ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары қамтылды. Сабақтардың басымдықтары баланы патриоттық тәрбиеге, оның коммуникативтік дағдысын, сын тұрғысынан ойлау дағыдларын, топта жұмыс жасай білуге, және де көшбасшы-оқушы тәрбиелеуге бағытайды.
Онлайн режімдегі ашық сабақ дегеніміз, бұл — алдыңғы қатарлы тәжірибе, шығармашылық ізденіс және мұғалімнің шеберлігін жетілдіру деген сөз. Бұл — педагогикалық тәжірибемен бөлісудің өте жауапты, көп күш-қуатты талап ететін түрі, сонымен қатар, мұғалімнің іс-қызметін бағалау, пікір алмасу, талдау жасаудың ең бір тиімді түрі деп айтуға болады. Яғни, бұл — мұғалімдердің кәсіби өсуі үшін тамаша диалогтық алаң болып табылады.
Мектебіміздің педагогтері мен оқушылары жыл сайын алуан түрлі халықаралық, республикалық және облыстық онлайн шараларға – қашықтан өтетін олимпиадалар, конкурс, семинар, конференция және пәндер олимпиадасына белсене қатысады.
2016-2017 қорытындысына көз салсақ, жалпы оқушылар санының 74% — дан астамы барлық пәндер бойынша қашықтан өткізілген конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан. Қатысу нәтижесінде мектеп ұжымы Алғыс хатпен, оқушылар мен мұғалімдер диплом, серитфикаттармен марапатталған.
Үстіміздегі оқу жылының бір жарым айы ішінде 111 оқушы қашықтан өткен және күндізгі олимпиадаларға қатысқан екен. Шашубай ауылының оқушыларына сапалы білім алуға қол жетімділік қамтамасыз етіліп, барлық жағдайлар жасалған.
Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі
«Ақ желкен» жастар баспасөз орталығы


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login