Балқашта 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды

Балқашта 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды. Жаңа баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 м\а салынып жатыр. Балқаштықтар оған «тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қол жеткізе алады. Ол үшін депозит ашып, пәтер құнының 30 пайызын жинауы тиіс.

Құрылысшылардың жұмысқа кіріскеніне бір-екі күн болған. Қазір жер қазу жұмыстарын жүргізуде. Аяқтасымен іргетасын құюға кіріседі. 45 пәтерлі екі үйді тұрғызуға 663 млн теңге жұмсалмақ. Биыл соның 200 млн игеріледі. Қалған соманы кезең-кезеңімен бөлу көзделген. Ал үйді ел игілігіне беру келесі жылдың соңына жоспарланып отыр.

Жүніс Тілеубаев-прораб
«Биыл 2017 жылы фундаментін сосын бірінші қабатына дейін тұрғызамыз. Күн жылысымен келесі жылдан бастап әрі қарай жалғастырамыз. Жылдың соңына дейін аяқтаймыз».

Баспана балқаштықтарға «тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге беріледі. 1 шаршы метрі 90 мың теңгеге бағаланып отыр. Үйлі болу үшін пәтер құнының 30 пайызын жинау қажет. Ал қалған сома 6 жылдан 9 жылға дейін несие ретінде рәсімделеді. Жылдық мөлшерлеме 5%.

Сандуғаш Байсеркина-Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы
«Әр жыл сайын сіздің депозитіңіздегі жинаққа мемлекеттен 20 пайыз және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 2 пайыз сыйақы түсіп отырады. Депозитті ашу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде күтеміз».

Құрылыс мұнымен тоқтамақ емес. 2018 жылы 10м\а 45 пәтерлі тағы 2 үй салу көзделіп отыр. Жаңа баспана үй кезегінде тұрған балқаштықтарға жалға беріледі. Сонымен қатар,Қоңырат м\а бос қалған 2 көп қабатты баспананы қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Пәтер құны 1м²-90 000тг
Бөлме саны                 м²            құны
1                  38 м²         3 420 000 тг
2                 63 м²         5 670 000 тг
3                  74 м²         6 660 000 тг

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture