Жұмысшы кенті шаяндар мекеніне айналды. Ондағы су колонкасының тура жанынан 100 ден аса буынаяқтылар табылған. Тұрғындар жәндіктердің қайдан келгенін білмей дал. Арасында өлілері де бар, тірілері де бар. Енді жұрт олардан қалай құтыларларын білмей отыр.
Ержанов көшесіндегі су колонкасының маңы шаянға толы. Тұрғындар қаптап жатқан буынаяқталарды бүгін таңертең байқапты. Айтуларынша, жәндіктерді белгісіз біреулер әкеліп тастаған. Ешкім көрмесін деп, қас қарайғанда келген екен. Мұны көріп шошыған тұрғындар, бірден жауапты органдарға хабарласқан.
Ботагөз Қалиева-Жұмысшы кентінің тұрғыны
» Содан бері мен жан-жаққа звондап жатырмын. СЭСке звондап едім. Бізге қарамайды. ЖКХ ға звондаңдар деді. Ветеринарларға да қоңырау шалдым. ГОВД ға звондадым».
Жауапты органдар құлақтанғанымен ешқайсы мұнда келмеген. Ал жәндіктер болса, Ержанов көшесіне тарай бастапты. Тіпті үйлерге дейін жеткен.
Өмірсерік Жасыбай- СНХ:Ботагөз Қалиева-Жұмысшы кентінің тұрғыны
» Зияны бар ма, жоқ па білмейміз ғой. Үйге дейін барды мысалы. Балалар қорқады. Шағып алуы мүмкін. Нақтысын білмейміз ғой».
Біреулер шаяндардан қорықса, енді біреулер үшін бұл жәндіктер дәмді ас. Су алуға келген Геннадий Волохович буынаяқтыларды көріп, оларды жинауға кірісті. Айтуынша, бұл достарының сүйікті тағамы.
Геннадий Волохович- Жұмысшы кентінің тұрғыны
«Шаяндарды сүйіп жейтін таныстарым бар. Тірілерін жинап алып, соларға апарып беремін. Сырамен ішкенді жақсы көреді».
СЭС мамандары болса бұл буынаяқтылардан ешқандай зиян жоқ деп сендіріп отыр. Ал су колонкасын шаяндардан тұрғындар өздері тазалауы тиіс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login