Балқашта 40-қа жуық адам инфаркт алған

29 қыркүйек — Халықаралық жүрек күні. Атаулы күн осыдан 20 жыл бұрын пайда болған. Соның арқасында жүрек қан-тамыр ауруларымен күрес қарқынды жүргізіліп келе жатқанымен, дертке шалдыққандардың қатары көбейіп келеді. Мысал үшін,Балқашта биылғы жылдың 6 айының өзінде 40 адам инфаркт алған.

Бұны бір қарағанда жай ғана жүгіру жолағы деп ойларсыздар. Алайда, бұл медициналық «тредмил»тесті деп аталатын аппарат. Онда жүрек жұмысына уақытша күш түсіру арқылы зерттеулер жүргізіледі. Әр үш минут сайын жүгіру жолағының күші артып, жүрек соғысы туралы ақпарат компьютерге енгізіледі.

Мария Мутаева – Функционалды диагностика дәрігері
«Экранда көрсетілген ақпараттарға қарап біз науқастың жүрегінің соғысын, ақаулардың бар-жоғын анықтаймыз. Қанның бір жерде азайюы немесе аритмияның барма екенін бірден көреміз. Өзгерістердің барлыңы бірден көрінеді».

Ал егер науқасқа қойылған диагноз күмән тудырса, ультрадыбыстық зерттеумен нақтыланады. Өйткені заманауи құрылғы мол ақпарат беретін қолайлы, қолжетімді,әдіс.Бастысы зиянсыз. Онда жүрікке қатысты барлық ахауларды көріп, емді барынша ерте бастауға мүмкіндік бар.

Дей тұрғанмен, санақ қалада жүрек ауруына шалдыққандар қатары көп дейді. Бүгінгі күні кардиолог есебінде үш мыңнан астам тұрғын бар. Оның 36-ы кем дегенде бір рет инфаркт алған. Ең жасы 49. Осы аурудан биыл 22 адам көз жұмды.

Гүлназ Медиянова –кардиолог дәрігер
«Жүрек қан-тамыр ауруларының асқынған түріне шалдыққан науқастар көбейіп келеді. Жас мөлшерлері де өзгеруде. Ал миокард инфарктына ұшырағандар 24 жастан бастап тіркеліп жатыр».

Бір сөзбен айтқанда, жұдырықтай жүрекке де ерекше күтім керек.Сондықтан дәрігерлер 35 жастан асқандардың барлығына скринингтік тексерістен өтуге кеңес береді.Әр тұрғын өзінің бойының ұзындығын, дене салмағын, қан қысымын, қант мөлшерін,холестеринін білсе екен дейді. Ол қауіп ауруды алдын-алуға мүмкіндік береді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture