Балқаш көлінде тағыда екі адам хабарсыз ошақсыз кетті. Осыдан екі күн бұрын балық аулаймыз деп кеткен 20 жастағы екі жігітті іздеу шаралары тек бүгін басталды.
Уәлиханов көшесінің бойында бір емес үш көлік қақтығысты. Оқиға бағдаршамның маңында болды.
Билік өкіліне күш көрсеткен балқаштық сотталды. Тәртіп сақшысының погонын жұлып, оны тептекені үшін 46 жастағы әйелдің бас бостандығына шектеу қойылды.
Орталық емхананың жаңа технологиялармен жабдықталуы деңгейі күннен- күнге өсіп келеді. Оған дәлел соңғы рет әкелінен 6 аппарат. Енді жаңа құрылғылардың көмегімен дәрігелер тез арада науқастардан анализ алып, оның нәтижесін бірден шығара алады.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы үй кезегінде тұрған балқаштықтар іздейді. 2007 мен 2010 жылдар аралығында мемлекеттен берілетін пәтерге өтініш берген тұрғындар 2 жылдан бері хабарсыз кеткен.
Күн суытты. Әсіресе осы кезде адамдар көп ауырып, тұмау жұқтыратыны белгілі. Алайда, аурудың алдын алуға болады. Ал ол үшін не істеу керек? Оны білу үшін дәрігерлер кеңесіне құлақ түрейік.
Елімізде «Аңсар» әдеби сайысы бастау алды.Оған балқаштық қаламгерлер қатысып, үміткер атануға мүмкіндіктері бар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login