Енді балқаштықтар анализ қорытындысын тез арада ала алады

Орталық емхананың жаңа технологиялармен жабдықталу деңгейі күннен- күнге өсіп келеді. Оған дәлел соңғы рет әкелінген 6 аппарат. Енді жаңа құрылғылардың көмегімен дәрігелер тез арада науқастардан анализ алып, оның нәтижесін бірден шығара алады. Яғни, көп күтудің қажеті жоқ.Зертханадағы өзгеріс жайлы келесі сюжетте.

Енді зертханашылардың бір күндік уақыты бір ғана зерттеуге кетпейтін болды. Себебі, жаңа биохимиялық анализатор аппараты арқылы санаулы минутта анализ қорытындысы шығарылады. Бұрынғыдай қанның құрамын анықтауға 2 сағат кетпейді. Бар жоғы 12 минуттың ішінде 30 түрлі зерттеудің нәтижесі анықталады.

Гүлжан Нұғманова – зертханашы дәрігер
«Ал мына аппаратта 12 минут тез жасалады.Мұның рортерінде сразу 100 адамға тестіні өткізуге болады.Бірнеше биохимиялық тестіні жасауға болады бұл аппарат.0632Қолмен жасалатын биохимиялық методка қарағанда бұл жақсы. тез жасалады.Және нақты нәтиже береді».

Ал биохимиялық аппаратқа қарағанда, гемостаз құрылғысы тез жұмыс істейді 1 аспаптағы қанның ұюйын 10 минутта анықталса, 1 сағатта 100 тұрғынның анализі белгілі болады.Оған қоса, испандық құрылғы барлық нәтижені бірден экранға шығарып отырады.

Сондай-ақ, зертхана мамандары бұдан былай микроскопка түңіліп отырмайды. Қанның толық параметрлерін білу үшін гематологиялық анализаторға жүгінетін болады. Онда барлығы бірден көрсетіледі.

Сахинжамал Мукашева – Орталық емхананың клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі
«Біздің анализдармен Қарағандының анализдері барлығы бірге сәйкес келіп науқастар бізден жасап қарағанды, алматы, астанаға барып қайта бармайды.2555 Түгел нәтижелердің барлығын біз автомат бойынша аламыз».

Орталық ауруханадағы зертхана бөлімшесі осындай құрылғылардың 6 түрімен толықты. Және жақын күндері гормон мен инфекцияның бар-жоғын анықтайтын тағы бірі әкелінбек.Осылайша, қалада анализ жасау тез әрі нықты шығарылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture