Балқашта электр энергиясының құнын көтеру жоспарлануда. Бүгін Қазэнергоцентр осы мәселе бойынша қала тұрғындарымен кездесті. Анықталғандай, жарық жеткізуші компания қуат көзінің бағасын 11пайызға өсірмек. Ал тарифтың қымбаттауына қарсы шыққан балқаштықтар, керсінше арзандату керек деп отыр.
Қосымша құн салығын қоса есептегенде бұл сан 16 теңге 13 тиын болып өзгереді. Яғни егер электр энергиясы қымбаттайтын болса, балқаштықтар 1 киловат үшін осындай ақы төлейді деген сөз. Ал, кәсіпкерлер үшін 22 теңге.
Елена Кононирова – «Казэнергоцентр» ЖШС экономисі: «Тарифтің қымбаттауының басты себебі -энергия тасымалдаушы компаниялар қызметінің өсуімен байланысты. Бағаның көтерілуі заңға сәйкес жүзеге асырылуда. Барлық қажет құжаттар, келісімшарт, есепшот монополияға қарсы коммитеттің қарауына жіберілді».
Қазэнергоцентр жарық құнын қымбаттату себебін электр энергиясын жеткізіп отырған компаниялардың өз тариифын қымбаттауымен түсіндіріп отыр. Алайда, жиынға келген тұрғындар Қазэнергоцентрді уәдесінде тұрмады деп айыптады. Себебі олар қалаға енді келгенде қуат көзінің ақысы 5 жыл бойы өзгермейді деп сөз берген.
Қала тұрғыны: Тарифты 5 жыл бойы көтермейсіздер. Сіздер бізді алдамаңыздар.
Қаэнергоцентр өкілі: «Біз энергиятасымалдаушы компаниялардың қызметіне төлеп отырмыз. Балқашта оның 4-уі бар. Оның екеуі тарифті көтерді».
Бүл күні халық қалаулылары да халықты жақтап шықты. Қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов та жарық ақысының өскеніне қарсы.
Қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов: «Сіздер тарифтың қымбаттауына өзге компанияларды кінәлі қылып отырсыздар. Олай болса, олар неге осы жиынға қатыспады? Біз сіздердің бұл былықтарыңызға қарап отыра алмаймыз. Бұл бастамаларыңызға қарсы шығамыз.».
Деседе, соңғы шешімді монополияға қарсы департамент қабылдайды. Олардың қай жақты қолдайтыны 10- қазан күні белгілі болмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login