Пәтерін есірткі ордасына айналдырған тұрғын сотталды. Героинды сақтап қана қоймай, оны сатқаны үшін балқаштық 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Есірткімен есіріп жүрген 58 жастағы еркек тексеріс барысында анықталды. Оны құрыққа түсіру үшін полиция қызметкерлері жоспар құрып, сатушының кейіпіне енді. Содан кездесуге келген сотталушы есірткімен бірге ұсталды. Кейін үйіне тінту жұмыстары жүргізіліп, 2 грамнан астам героин тәркіленді. Айыпталушы ақ ұнтақты сатқаным жоқ деп қанша ақталғанымен, темір торға тоғытылды. Бұған дейін де ауыр қылмыс жасаған азамат 8 жылға сотталды.
Мадияр Игенов –қалалық прокуратураның прокуроры
« Өз үйінде аса ірі мөлшерде героин түріндегі есірті затын сақтап,сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.Сот отырысында аталған азамат өз кінәсін толықтай мойындаған жоқ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login