Балқаштықтар қалаған емханаларына тіркеле алады

Қала тұрғындары 15 қарашаға дейін қалаған емханасына тіркеле алады. Тек емдеу орнын таңдап қана қоймай, участкелік дәрігерді де ауыстыруға мүмкіндік бар. Елімізде жыл сайын өтетін емхана таңдау акциясы басталды.
Ал емхана ауыстырудың екі жолы бар. Біріншісі жеке куәлігіңізді алып емдеу мекемесіне бару. Тіркеу бөліміне жүгініп, онда директор атына өтініш толтырасыз.

 

Емханаға тіркелу. Бірінші жолы

Жеке куәлікті алып емханаға бару

Өтініш толтыру

Ақпар 3 күн ішінде базаға түседі

 Динара Ақбергенова – №1 емхана бойынша аға тіркеуші
«Емхана ауыстырғысы келген емделушілер бізге келмес бұрын участкелік дәрігерінен рұқсат алу керек. Содан кейін ғана бізге келіп, өтініш жаза алады».

Ал екіншісі-ешқайда шықпай-ақ, үйде отырып реттеу. Электронды үкімет сайтындағы денсаулық сақтау бөлімінде бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымға тіркелу қызметі бар. Сол тетік арқылы онлайн түрде тіркеліп, өтініш толтырса болғаны. Келесі күні жауап келуі тиіс.

Емханаға тіркелу. Екінші жол

egov.kz сайтына кіру
ЖСН арқылы тіркелу
«медициналық ұйымға тіркелу» қызметін пайдалану
өтінішті толтырып, жауабын күту

Осы жылдан бастап шетелдік азаматтар да емхана таңдау құқығына ие болды. Егер бұрындары олар төтенше жағдайда ғана көмек көрсетілсе, қазір олар Қазақстан азамттары секілді медициналық қызметті тегін пайдалана алады. Алайда, тек 1 қаңтардан бастап.

Динара Акбергенова – №1 емхана бойынша аға тіркеуші
«Бұрын шетел азаматтары тек алғашқы көмекті ғана тегін алатын. Енді жаңа бұйрыққа сәйкес, денсаулығын тексерту, ем алу олар үшін тегін».

Алайда, емхана ауыстырмай тұрып жақсылап ойлану қажет. Себебі басқа мекемеге ауысқан жағдайда, тұрғын үйге учаскелік дәрігерді шақырту мүмкіндігінен айырылады. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге, 65 жастан асқар қарттарға, балаларға қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ егер емделуші бұрынғы ұйымға тек 1 жылдан кейін ғана қайтып орала алады. Оған дейін ол жердегі медициналық көмек тек ақылы түрде көрсетіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture