Балқаш тұрғыны саяжайда болған өрттен қайтыс болды

Шашубай кентіне барар жолда орналасқан саяжайлардың бірі кеше өртке оранды. Тілсіз жау бір адамның өмірін қиды. Жалын кешке басталған. Өрт сөндірушілер 2 бөлмелі үй әп-сәтте түгі қалмай жанып кеткен.
Валентина Гретчетова жанып кеткен саяжайдың иесі. Бүгін күйеуі екеуі кешегі өрттен кейін қалған үйіндіні жинастырып жүр. Айтуынша қызыл жалын басталғанда жұмыста болыпты. Содан көршілерінен хабар алып, осында жеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылардан бірінші үйді сөндіріңдер деп өтінген. Себебі іште адам бар екенін іші сезген.

Валентина Гретчетова-саяжай иесі
«Өрт сөндірушілерді шақырғанмен, олар көп күттік. Оның өзінде бір ғана шлангпен келді да қоршаудың өртін сөндіре бастады. Ал мен үйде адам болуы мүмкін, бірінші үйді өшіріңдер деп сан рет бардым. Ешкім құлақ аспады».

Үйдің төбесі ортасына опырылып, лаулай бастағанда құтқарушылар үйді сөндіруге көшеді. Кейін үйіндінің астынан шыныменде адам денесі табылған. Саяжай иесі оны 48 жастағы әріптесім деп отыр. Өзі жұмыста болғанда қоршаудан секіріп, үйге кірген. Алдын-ала болжам бойынша, мас болып ұйықтап қалуы мүмкін.

Ал, өрт кеше кешкі 8-дер шамасында басталған. Оны сөндіруге 2 сағат жұмсалыпты. Қызыл жалын 50 шаршы метр жерді жалмаған. Нәтижесінде 2 бөлмелі баспана толықтап жанып кетті. Жанындағы өзге саяжайларға зақым келмеген.Бұл осы жазда өртке оранған 3 саяжай.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture