Ақтоғай ауданы тұрғындарының су астында қаламыз деп үрейленуіне еш негіз жоқ. Себебі Ақтоғай ауданы әкімшілігі мамандарының айтуынша, өңірде жауған қардың қалыңдығы былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жарым есе төмен. Оған қоса, төтенше жағдайлар қызметкерлері су қоймаларының арнасынан асып, тасып кетпеуін бақылауға алған. Мамандар наурыз айының 10-нан бастап Нарманбет ауылына кіре- беріс жолдағы көпірдің екі жағына тастардың үйіндісінен ені 300 метрге дейін жететін бөгеттер салмақ. Сонымен қатар Абай ауылының бұрылысына қосымша құбырлар орнатылады. Өйткені, «Қаршығалы» өзенінен ағатын су аталмыш ауылды басып қалуы мүмкін. Еске сала кетейік, 2015 жылы Ақтоғай ауданының Қарасу елді мекенінде Тоқырауын өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты 10 үй су астында қалып, 40 отбасы жапа шеккен болатын.
Жанайдар Әзімбаев- Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының Төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login