Балқаш станциясына қатынайтын автобусқа қосымша рейс қосылды

Балқаш станциясына қатынайтын № 2 автобусқа 4 қыркүйектен бастап қосымша рейс қосылады деп, хабарлайды Балқаш қаласының әкімдігі.

Ол сағат 06:50-де Автостанциядан Балқаш станциясына және станция тұрғындарын сағат 07:05-те қалаға жеткізіп салады. Қосымша қоғамдық көлік 11 қыркүйекке дейін сынамалық түрде жүреді. Егер кісі қарасы аз болса, алынып тасталынады. Ал тұрғындар қатары көп болса сол күйінде қалдырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture