Балқашта ұрлық жасаған  екі тұрғын 11 жылға сотталды

Балқашта ұрлық жасаған  екі тұрғын 11 жылға темір торға тоғытылды. Қарақшылық жасаған жігіттердің біреуі 5 жылға , екіншісі 6 жылға сотталды. Оларға қатысты осындай сот үкімі шығарылды. Еске сала кетейік, оқиға сәуір айында орын алды. Түн ортасында екі жігіт Ленин көшесінен өтіп бара жатып, 29 жастағы тұрғынға шабуыл жасаған. Ұрып-соғып қолындағы құрал –сайманы бар сөмкені ала қашқан. Оның құны 18 мың теңгеге бағаланды. Сол себепті күдіктілер сот алдында жауап берді. Анықталғандай қарақшыларға бұл іс тансық емес. Дәл осындай әрекеттері үшін бұрындары сотталғандары белгілі болды. Деседе, бұзақылық фактісіне кінәлілер сотталды. 27 жастағы сотталушы өз кінәсін мойынмағандықтан 6 жылға қатаң тәртіптегі темір торға тоғытылды. Ал екіншісі жасаған ісіне өкінгенімен 5 жылға түрмеге қамалды.

Аян Абдуллин- қалалық прокуратураның аға прокуроры
« Балқаш қаласының екі тұрғыны ҚРҚК 191/2 бөлігі 1-3 тармақтары бойынша кінәлі табылып, яғни кісі тонау сөз байласу арқылы күш қолдану арқылы кісі тонаған екі тұлға.Нәтижесінде сот үкімімен біреуіне 6 жыл, екіншісіне 5 жыл бас бостандығынан айырылды». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture