Балқаштың қорытынды жаңалықтары 25 тамыз 2017

Жемқорлыққа барған полиция қызметкері сот алдында жауап берді.30 мың теңге алған жол-патрульдік полициясы рота бөлімінің командиріне 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды.

«Иегова куәгерлері» діни ұйымының жетекшісіне 100 мың теңге айыппұл салынды. Себебі, кәмелеттік жасқа толмаған бала әкесінің рұқсатынсыз құдайға құлшылық жасаған.

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті.Жол көлік оқиғасы таңертең, зауытқа бара жолдағы көпір қасында орын алды.

Қара жолмен пайда таппақ болғандар құрықталды. 5 құдық қақпағын ұрлаған екі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

6 күн бұрын көлге шыққан балықшылар іс түссіз кетті. Бүгінгі күнге дейін екі тұрғынның қайықтағы 200 келі балықтары, 20 литр бензиндері және қармақтары да табылмады.

Күздің алғашқы айында балқаштықтар ыстық сусыз қалмақ. Қыркүйек айының 18-нен бастап қала бойынша ыстық су тоқтатылады.

Санаулы күннің ішінде Балқаш Универсал мекемесі шаһарды толық тазалап шықты. Үйіліп қалған қоқыстар мен құрылыстық қалдықтарды қала сыртына шығырып тастады.

Балқашқа Астанадан дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобы келді.5 адамнан құралған топтың қатарында дінтанушылар мен «Нұр Астана» мешітінің наиб-имамы бар.

Бүгін мұғалімдер арасындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.Онда білім саласының мамандары жаңа оқу жылына дайындықтарын пысықтап, үш тілдікке көшу жұмыстарымен бөлісті.

Қалалық гимназия- дарынды балаларға арналған облыстық интернат атағына ие болды.Сондықтан ондағы 273 оқушы өзге мектептерге көшірілді.

Мемлекеттік көмек. Қазынадан балқаштағы 15 мектепке қомақты қаржы бөлінді. Енді ол ақшаларға аз қамтамасыз етілген отбасы мен тұрмыстық жағдайы төмен жанұяның балаларына қажетті заттар сатып алынады.

Қаламыздағы спорт мектептерінде қабылдау басталды. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде, Мысшылар стадионында тегін спортпен шұғылдана алады.

Балқаштық «Көмек» кризистік орталығы облыста үздік атанды. Әлеуметтік жобалар арасындағы байқауда бірінші орын алған жерлестеріміз, енді республикалық деңгейде додаға түспек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture