Балқаш қалалық гимназия- дарынды балаларға арналған облыстық интернат атағына ие болды. Сондықтан ондағы 273 оқушы өзге мектептерге көшірілді. Осындай өзгерістен кейін № 17 мектеп лицей статусын алмақ.
Қалалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері енді нөмір 17 мектепте білім беретін болады. Ұстаздармен бірге төменгі сыныптың 273 оқушысы жаңа нысанға көшірілді. Орыс тілінде білім алатын балалар 17-де сабақ оқыса, мемлекеттік тілдегі оқушылар нөмір 15 мектеп- лицейі мен 7 гимназияда білім нәрімен сусындайды.
Лариса Порошина – бастауыш сынып мұғалімі
«Біз сыныптың барлығын оқуға дайындап қойдық. Гимназиядағындай қылып жасадық. Балалар өздерін бұрынғы сыныптағындай сезінсін дедік.Ол үшін ата-аналар көп көмектесті. Заттарды тез көшіріп алдық».
Білім саласындағы өзгерістер балабақшаға әсер етті. Нөмір 17 мектептегі кабинеттерді босату үшін мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталық жабылды. Ондағы 16 бүлдіршін «Айгөлек» балабақшасына көшірілді. Ал тәрбиешілер басқа жұмыс орындарына ауыстырылды.
Венера Бажбенова – «Айгөлек» балабақша директоры
«Балалар жаңа балабақшаға тез үйреніп кетті. Ата-ана тарапынан қарсылықтар болмады. Тамақтану, ұйықтап тұру, ойнау секілді жүйе тәртібі сол беті қалды».
Ал 2018 жылдан бастап қалалық гимназия жаңа атаққа ие болады. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты болып өзгертіледі.Оған 5 пен 11 сынып аралығындағы оқушылар қабылданады. Және Ақтоғай, Приозерск қаласының балалары да оқитын болады. Онымен қоса, биыл 17 мектеп лицей статусын алмақ.
Айдос Қуанышбаев – қалалық білім бөлімінің жетекші орынбасары
««Зияткер» мамандандырылған мектепке балаларды келесі жылдан бастап қабылдайтын боламыз. Гимназияның оқушылары сол мектепте қалады. Қазіргі күні №17 мектепті лицейге ауыстыру үшін құжаттарды рәсімдеп жатырмыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login