Балқаштық спорт мектептерінде қабылдау басталды

Балқаштық спорт мектептерінде қабылдау басталды. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде, Мысшылар стадионында тегін спортпен шұғылдана алады.

Спортпен айналысамын деген балқаштықтар үшін 3 мекеме есігін айқара ашады. Дене шынықтыру және сауықтыру кешені, балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, металлург спорт кешені. Стадионда 8 жастан бастап шахмат, үстел теннисін меңгеруге болады. Сондай-ақ жасыл алаңда доп теуіп, шаршы алаңда жұдырықтасуға мүмкіндік бар.

Ізбасар Шәкенов- қалалық спорт бөлімінің жетекшісі
«Спорт ұжымдарында 1600- ден аса балалар шұғылданады. 8-18 жасқа дейін балалар тегін айналысады. Спорттың 11 олимпиадалық  түрі бар».

Ал жаңадан ашылған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бокс пен кикбокстан білікті мамандар жұмыс істейді. Мұнда еркін күрес пен дзюдо үйірмесі де бар. Команда болып ойнаймын деген балалар футбол, волейбол, үстел теннисіне келулеріне болады. Аталмыш спорт орталығында бір жылда 400 бала салауатты өмір салтына бейімделеді.

17 мөлтек ауданында орналасқан спорт мектебінде жеңіл атлеттер, каратэ, садақ ату, баскетбол, волейбол, қазақша мен еркін күрес, кикбокс жаттығулары жүргізіледі. Үйірмелер таңертең және кешкілікте өткізіледі. Сабақ 4 қыркүйекте басталады.

 Әбіш Балжігітов – Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры
«Жаттығушылардың барлығы жұмысқа шықты қазіргі уақытта.Жаңадан қабылданатын топтарға балаларды жинап жатыр.Биылғы жылда 30 болады группа.14 жаттықтырушы жұмыс жасайды.Спорттың 8 түрі бар бізде».

Дене шынықтыру және сауықтыру кешеніндегі спорттық үйірмелер:

-бокс
-кикбоксинг
— дзюдо
-күрес
-футбол
-волейбол
-үстел теннисі

Мекен жайы: Қараменде би көшесі, тел: 7-50-22, 7-18-88

Балалар және жасөспірімдер спорт мектебіндегі спорттық үйірмелері:

-Жеңіл атлетика
-каратэ
— Садақ ату
— баскетбол
— волейбол
— қазақша күрес
— еркін күрес
-кикбоксинг

Мекен жайы: Чайковский көшесі, 16/1, тел.4-71-82

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture