Балқашта 5 құдық қақпағын ұрлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Балқашта 5 құдық қақпағын ұрлаған екі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ел ұйқыға кеткен уақытта 30, 35 жастағы екі жігіт 10 мөлтек ауданынан құдық қақпақтарын ұрламақ болады. Содан түн ортасында 7 құдықтың қақпағының тек 5-уін көлікке тиеп, қалған екеуі симағандықтан тастап кетеді. Бірақ, бұзақылар ертеңгісінде темір өткізетін орталықта ұсталды. Полицейлер істің дәл үстінен түсті.

Нұрлан Кәрім- Жергілікті полиция қызметінің басшысы
«Бейнекамераларының арқасында түңгі уақытта автокөлікпен ұрлағандары аныкталды.  Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, келешекте бас бостандығына шектеу жазасы қолданылуы мүмкін». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture