Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Алайда балқаштық ата-аналар оқу құралдар мен киім кешектерді сатып алуға асығар емес. Бүгінде базарда былтырғыдай дүрлігу көрінбейді. Сондықтан, сатушылар баға бұрынғыдай өзгеріссіз қалды дейді.
Мектепке дайындық қызығы мен шыжығы көп шаруа. Әркім балаларын мұнтаздай етіп киіндіріп, оқуға жібергісі келеді. Бұл жағынан биыл ата-аналарға біраз жеңілдік жасалмақшы. Өйткені, мектеп формасының бағасы сол беті. Қыз балаларға сарафан тіккізу 6 мың теңге болса, ұлдардың желеттері 4 мың теңгеден басталады.
Татьяна Павлюченкова – сән ательесінің есепшісі
«Мектеп формасына деген тапсырыс көп. Көбінесе бірінші сыныпқа баратын оқушыларға тігіп жатырмыз. Сол себептен бағаны көтермеуге тырысамыз».
Бірақта, форма үшін қуану ертерек. Биыл қыздарға жейде 2000 мың теңге тұрса, ер балаларға тіпті екі есе кетеді. Екі жейде мен бір шалбарға кем дегенде 6000 мың теңге жұмсайсыз. Оған қоса, спорттық киім мен аяқ киім алу үшін бір балаға қосымша 15 мың теңге қажет.
Ал сөмке қалтадағы қаржы мен талғамға байланысты. Ақша көп болса сапасы мен сәніне қарап алуға болады.Базардағы баға 3500 теңгеден 8 мың теңге аралығында.
Деседе, оқуға ең қажеттісі кеңсе тауарлары. Сатушылардың айтуынша, биыл баға 10-15 пайызға арзандаған. Сауда нүктелерінде қағаз дәптерлер 15 теңге тұрса, көтерме орталықтарында 10 теңге. Қалың дәптер 50 теңгеден жоғары.
Айнұр Рыспекова – сатушы
«Былтырғымен салыстырғанда биыл бізде ештене қымбаттаған жоқ.Керісінше арзандады.Дәптеріміз былтырғыдай 15 теңгеден сатып жатырмыз.Қарындаш 170 тг. 12 түсті. Былтыр 200 болғантын.0945Жоқ дегенде 2500-3000 теңге бір балаға жетеді».
Нәтижесінде бір баланы орташа есеппен мектепке толық дайындау 25 мың теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 5000 мың теңгемен арзан.
Қала тұрғыны
«Мен екі баламды мектепке дайындап жатырмын.Екеуіне 20 мыңдай кетті.Енді былтырғы киімдерімен салыстырғанда арзан».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login