Бектау Ата Қазақстанның киелі 100 нысанына енді. ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тізім өңірлік комиссияның ұсынысымен және сарапшылар кеңесінің ғалымдары мен өлкетанушыларының пікірлерін ескере отырып құрастырылған. Оған Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары енген.
Бектау ата «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері» санатына жатқызылды. Онда Бектау атадан бөлек Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі, «Хан Тәңірі» шыңы, Алтайдағы Мұзтау шыңы сияқты 9 киелі орын бар.
Сараптаманы жүзеге асыру үшін белгілі ғалымдар, өлкетанушылар мен қоғам қайраткерлерің қатысуымен ғылыми-сараптамалық кеңес (25 адам) құрылды. Ғылыми-сараптамалық кеңестің шешімімен жалпыұлттық маңызы бар қасиетті 100 нысан, жергілікті маңызы бар — 500 нысандар тізімінің жобасы анықталды.
Қазақстанның 100 киелі нысанының тізімі.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login