Балқашта суық күндер келесі аптаға дейін сақталатын болды. Синоптиктердің болжамы бойынша, тамыздың 22 -не дейін күн жылынбайды. Қазгидрометтің мәтіметінше, 21, 22 — тамызға дейін термометр бағаны түнде +13,+15 көрсетсе, күндіз 22, 24 градус 0- ден жоғары. Жауын-шашын болмайды.
Валентина Бродовская-«Қазгидромет» орталығы филиалының ауа-райын болжау бөлім басшысы
«Тамыздың соңына дейін аптап ыстық күтілмейді. Себебі, солтүстіктен келген суық әлі де сақталуда. Солтүстік-шығыстың желі тұрақты болып тұр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login