15 сәуірден бастап Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынды

Ертеңнен бастап Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынады. Көлге тіпті қайықпен, тормен, қармақпен шығуға болмайды. Заң бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Шектеу 1 маусымға дейін созылады. Өткен жылы тыйым кезінде 16 заң бұзушылық тіркелген. Оның алтауына қылмыстық іс қозғалды. Ал заңсыз 1800 келі балық аулаған ер адам сотты болған. Соттың үкімі бойынша азаматқа 5 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login