Өнер мектебінің тәлімгерлері Алматы қаласында өткен халықаралық конкурста қала намысын қорғап қайтты. «Ақмаржан» би ансамблі ұлттық бимен жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Байқауға Қазақстанның облыстары мен қалаларынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен 150-ге жуық би ұжымы қатысқан. Қатысушылар екі күн бой халықтық, классикалық, заманауи, спорттық гимнастикалық және қазақ биінен сайысқа түскен. Балқаштықтар соңғы номинацияда өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Нұрсая Жанділова – өнер мектебінің хореографы: «Конкурсқа барып келдік, «Танцующий мир» деген. Ол конкурсқа отыз бала барды. Отыз баламен қысқа уақыт мерзімінде яғни екі жетінің ішінде қазақ биін алып бардым. Үлкен сайыс болды»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login