Қарттар күніне орай мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті

Қала әкімі Ораз Тәуірбеков мереке иелерін құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Бұл күні 50-ге жуық адам марапатқа ие болды. Қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін бірнеше қария шаһар басшысының құрмет грамотасымен  және алғыс хатымен марапатталды.  Одан бөлек мереке иелерін қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов құттықтады. Салтанатты жиында салауатты өмір және спортты насихаттаушы, ата салтты, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды дәріптеуші, үздік тәлімгер номинациялары бойынша түрлі салада жұмыс істеп жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан қарттар да марапатқа ие болды. Ал ең үздік бастауыш ардагерлер  ұйымы атағын қалалық аурухана иеленді. Шара соңы кішкентай өнерпаздар дайындаған концертке ұласты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login