Балқаштық «Бертіс» клубы түнгі әуесқой хоккей лигасына қатысты

Команда үш ойын өткізді. Оның екеуі жеңіспен аяқталды. Осы маусымда балқаштықтар алғаш болып «Тентек» хоккей клубымен кездесті. Ойын барысында есепті Шахтинсктер ашты. Артынша «Бертіс» ойыншылары 3 голмен жауап берді. Бірақ, келесі минуттарда қақпаға қарсыластар тарапынан 4 гол соғылып, кездесу 3:5 есебімен «Тентек» хоккей клуб командасының пайдасына шешілді. Ал, келесі екі ойын сәтті өтті. Мұз үстінде біздің хоккейшілер Приозерск командасымен кездесіп, оларды 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін, қарағандылық «Жігіттер» командасынан басым түсті. Қазір балқаштықтар турнир кестесінде үшінші орында. Ойын екі айналымда өтеді. Мықтылары плей-оффқа жолдама алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login