Қала тұрғыны қарттар күніне орай пәтер алды

Қала тұрғыны Анна Бражникова қарттар күніне орай  пәтер алды. Осыған дейін «Көмек» кризистік орталығында тұрған 91 жастағы тыл ардагері, енді 10 күннен кейін жаңа үйіне қоныс аударады. Қарияның бұл арманын орындауға қала әкімі Ораз Тәурбековтың септігі тиген. Демеуші іздеп, кәсіпкерлерден көмек көрсетулерін сұраған.

Анна Бражникова – қала тұрғыны: «Бүгін маған қала әкімі пәтер кілтін табыстады. Үй алуды көптен бері армандап жүрген едім. Қуанышымда шек жоқ.

Қала әкімі қолына гүл шоқтары мен сыйлығын алып, Тамара Пафнутованың үйіне де қонаққа барды. Тыл ардагері Брянск облысында дүниеге келіп, сол жерде соғысқа қатысқан. 1949 жылы жолдасымен бірге Балқашқа көшіп келгеннен кейін металлургия цехына жұмысқа тұрып, сол жерден зейнетке шықты. Бүгінде 3 баланың анасы, 6 немере мен 12 шөберенің әжесі.

Бүгін аймақ басшысынан құттықтау тілекті қаламыздың жасы ең үлкен тұрғыны Данагүл Құрбанбаева қабыл алды. Биылғы жылы ол өзінің 102-ші туған күнін тойлайды. Қазіргі таңда қарт ана қызының отбасысымен бірге өмір сүреді. Келген қонақтарға алғысы ретінде ақ батасын берді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login