Су температурасы төмендегендіктен, шомылуға тыйым салынады. Ағымдағы жылы жаз мезгілінде 3 адам көлде қаза тапты. Мәселен, маусым айында 15 жастағы бала Техснаб кентінде суға батып кетті. Шілде айында 44 жастағы Ресей тұрғыны балық аулау кезінде торға оралып, қайтыс болса, дәл осы айдың аяғында тағы да бір қайғылы оқиға орын алды. Күз мезгілінің келуімен жүзу маусымы ресми түрде жабылды. Қазірдің өзінде судың температурасы төмен түскен. Құтқарушылар шомылудың соңы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін екенін ескертеді.
Игорь Метельский – Балқаш қаласының құтқару бөлімі басшысының міндетін атқарушы: «Құтқарушылар жыл бойы кезекшілік етеді, алайда шомылу маусымы аяқталды, шомылуға тыйым салынады. Судың жоғарғы қабаты жылы, ал төменгі бөлігі суық болады. Сол себептен шомылуға болмайды. Талма болуы мүмкін. Міндетті түрде балаларыңызды қадағалаңыздар, себебі олар сабақтан соң көлге жүгіреді»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login