«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушылары өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды

Курсты тәмамдағандар ендігі жерде грант ұтып, өз істерін бастауға үмітті. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға 47 адам ниет білдірген. Жоба аясында 18-бен 28 жас аралығындағы тыңдаушыларға кәсіп ашу жолдары үйретілді. Нәтижесінде 34 курс қатысушысы өз бизнес жобаларын қорғауға мүмкіндік алды. Жас кәсіпкерлер клинингтік компания, планетарий, фотокабинка, ветеринарлық дәріхана, музыка мектебін ашсақ деген жоспарда. Осы ойларын балқаштық комиссия мүшелеріне қорғағандар, облыстық тыңдалымға жолдама алды. Ендігіде қатысушылардың бизнес жобалары облыстан мақұлданып жатса, олар 505 мың теңге көлеміндегі грант ұтып алмақ.

Нұртас Айғали – «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы: «Мобильный планетарий болып аталады. Ол, яғни, надувной купол соның ішіне проектор арқылы 3D эффектімен балаларға научный-образователный фильмдар көрсетеміз. Оның басты мақсаты ол балаларды және де үлкен ересек және де отбасымен көруге болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login