Балқаштық футболшылар жеңіске жетті

Өз алаңында балқаштық «Металлург» қонақтарымызды 11:0 есебімен жеңген. Бұл футболшыларымыздың облыс біріншілігіндегі әуесқой құрамалар арасындағы 10-шы ойыны. Бұл жолғы қарсыластары қарағандылық «Сұңқар» командасы болды. Есепті бірінші болып ашқан «Металлургтік» аяқ допшылар. 1-ші таймның 6-шы минутында алғашқы голдың авторы Эльмир Махмадов болды. Ойыншымыз матч барысында қарсыластарына тағы да 3 гол соқты. Алғашқы тайм, есебі 7:0 болса, ойынның екінші айналымында «Металлург» есепті тағы арттырып, 11:0 етіп жеңіске жетті.. Балқаштықтардың келесі ойыны 8 қыркүйек күні сырт алаңда өтеді.

Елдос Шарафинов – «Металлург» командасының капитаны:«Ойын жайлы айта кетсем, 1-ші таймда өте тез голдар соқтық. Және 2-ші таймда басында да тез гол соқтық. Енді келесі тур Қарағанды қаласында ойнайтын боламыз. «Саран» командасымен».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login