Енді бизнеспен 8 көп балалы ана мен екі жас кәсіпкер айналысатын болады. Жас кәсіпкерлер арнайы курстан өтіп, бизнес жобаларын әзірлеген. Әуелі қаламыздағы, одан соң облыстық комиссия мүшелеріне жұмыстарын қорғаған. Нәтижесінде әрқайсысы 505 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болып отыр. Бұл қайтарымсыз қаржыға көпбабалы аналардың бірі аспаздық дәмхана ашса, енді бірі тігін және кондитерлік цех, өзгесі сұлулық орталығын ашып, тамақ принтерін сатып алмақ. Ал жастар жағы тротуар плиткасы өндірісі мен интерьер декорымен айналыспақ. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту жыл соңына дейін тағы 3 рет жүргізіледі. Қыркүйекте, қазан мен қараша айларында. Өтінімдерді мына мекенжайлар бойынша қабылдайды. Шашубай ықшам ауданы 3б, «Күлия» бизнес орталығы кәсіпкерлер палатасында және халықты жұмыспен қамту орталығында.
Виктор Мунтян – облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиал менеджер-кеңесшісі: «Тестілеу 6 қыркүйекте, ал оқыту 9-нан басталады. Топқа 60 адамға дейін қабылданады. Бұл жобаға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ зейнет жасына дейінгі тұлғалар қатысады. «Бизнес бастау» курсының тыңдалымынан соң қатысушы грантқа үміткер бола алады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login