Қазақстан полицейлері 1 қыркүйектен бастап жолда ала таяқты қайта қолдана бастады

Бұл министрлік шешімімен қабылданған жаңа заң жобасы.

Бүгінде ала таяқтың атқаратын функциясы өзгерді. Енді оны тәртіп сақшысы тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады.

Қайырбек Рахымбеков – Балқаш қаласының полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары: «Енді жол сақшылары үстіне сары түсті кеудеше, қолына жарық шағылыстырғыш қолғап киіп, ала таяқ және ысқырықпен белгі береді. Ала таяқпен жол қозғалысындағы көлікті  тоқтатуға катаң тиым салынады»

Естеріңізге сала кетейік,  2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап министірлік  шешімімен Республика бойынша ала таяқты қолданыстан  алып тастаған болатын. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оны жол реттеу құралы ретінде қайта қолданысқа еңгізді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login