Балқашта балаларға туберкулезге қарсы вакцина салу тоқтатылды

Өндірушілерге әлемнің 35 елінен 33 серия препарат кері қайтарылған, соның ішінде Қазақстан да бар. Жапониялық компания биыл шығарған 90 мың партияның 3 құтысынан бөгде зат тапқан. Оның өзінде екпенің өзінен емес, еріткіштен тығынның бөлшегі шыққан. Жапония сол себепті бүкіл партияны қайтарып алып жатыр. Сондықтан бұған дейін егілген вакциналардың бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін емес. Бүгінгі таңда жапониялық екпе орнына Үндістаннан екпе әкелу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Сол себептен Қазақстанда туберкулезге қарсы  екпе жұмыстары уақытша тоқтатылмақ.

Лена Батанаева – тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау басқармасының басшысы: «Қыркүйек айында 6-7 жасар оқушыларға екпе жасау керек болатынбыз, алайда тоқтатуға тура келді. Жапон өндірісінің екпесін алған барлық балаларда ешқандай асқыну байқалмады, жанама әсерлер анықталмады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login