Шұбар-Түбек кентінде жоғалған бала 12 сағаттан соң табылды

Ойын баласы серуенге шығамын деп кетіп, жарты тәулікке хабарсыз кеткен. Жасыл велосипед мініп ойнауға шыққан баладан кеше таңертеңгі 11-ден бастап жоғалған. 12 жасар бала мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында. Баланы әуелі ата-анасы өз күштерімен іздеп көреді, нәтиже болмағасын, жергілікті полиция қызметіне жүгінеді.  Кешкі 9-дарда бала жоғалғандығы туралы хабар Балқаштық құқық қорғау органы мен құтқарушыларға жетеді. Оқиға орнына төтенше жағдайлар тобынан құрамында 9 адам бар 2 жедел топ аттанады. Нәтижесінде сағат түнгі 1-лерде бала Гүлшат кентіне барар бағытта, үйінен 1 шақырымдай жерде арықтан табылады.

Асылбек Болатов – азаматтық қорғаныс тобының аға офицері: «Оқиға орнына келген бетте топқа бөлініп жақын маңдарды іздестіруге көштік. Шамамен түнгі сағат 1-лер шамасында Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кенттен 700-800 метр жерде арықтан баланы тапты. Жанында велосипеді болды. Бірден үйіне жеткізіп, жедел жәрдем шақырттық»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login