Балқаштық «Металлург» облыстық біріншілікте жеңіске жетті

Балқаштық «Металлург» әуесқой командалар арасында өткен облыстық біріншілікте жеңісті қолдан бермеді. Осылайша турнир кестесінің екінші сатысына көтеріліп, екінші айналымға жеңіспен аяқ басты. Көшпелі ойындағы «Металлургтің» қарсыласы Абай қаласының «Жастар» командасы болды. Өз алаңында футболшыларымыз бұл құраманы 6:0 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы да жерлестеріміздің бағы жанды. Матч 8:0 есебімен «Металлургтің» жеңісімен аяқталды. Бұл көрсеткіш аяқ допшыларымызға турнир кестесінің 2-ші сатысына көтерілуге мүмкіндік берді. Әзірге ойын кестесінің бастапқы сатысында былтырғы жылдың чемпиондары «Гефест» командасы тұр. Біріншіліктің келесі ойыны 4 қыркүйек күні балқашта өтеді. 8 қыркүйекте «Металлург»  сырт алаңда «Саран» футбол клубымен ойнайтын болады.

Серікбол Бектұрғанов – «Металлург» командасының жаттықтырушысы: «Енді осы ойынды жеңгеннен кейін турнир біріншілігінде 2-ші орынға көтерілдік. 1-ші орында «Гефест» командасы келе жатыр. Қарағанды қаласының олардың биыл барлық ойындарында жеңіске жетті. Келесі ойынды өз алаңымызда 4 қыркүйек күні «Сұңқар» командасымен кездесеміз. Бұл команда Қарағанды қаласынан»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login