Техснаб кентінде саяжай өртенді

Қызыл жалын шатырды толығымен шарпыған. Өрт сөндіру қызметіне жедел қоңырау сағат 19.00 келіп түседі. Тілсіз жау Техснаб кентіндегі 2-ші линиядан шығады. Өрт сөндірушілер жеткенше, өрт саяжай шатырының ағаш торламасын,  жабындысын толықтай шарпиды. Жарты сағаттан соң өрт ауыздықталады. Тілсіз жау 35 шаршы метрді қамтыған. Саяжай жанғанда ішінде ешкім болмағандықтан, зардап шеккендер жоқ.

Иван Татьков – ТЖБ апат тәуекелдерін төмендету және азаматтық қорғауды  бақылау саласы тобының бас маманы: «Өрт болған жерге 2 автоцистерна мен жеке құрамның 6 адамы жіберілді. Өрт 35 шаршы метрді қамтыды. Қызыл жалынның тұтану себебі мен шығын көлемі анықталуда»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login