Қаламыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығында тестілеу залы ашылды

Мемлекеттік қызметке түсуге ниет еткендер осы жерден онлайн-емтихан тапсырмақ. ( Тестілеу залының салтанатты ашылуына шаһар басшысы Ораз Тәуірбеков пен облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департамент жетекшісі Айгүл Байханова қатысты. Бұл жерден бір сәтте 14 адам тестілеуден өте алады. Тиісінше тестілеу залы компьютермен толықтай жабдықталған.

Жаннұр Амантай – жастар ресурстық орталығының маманы: «Мемлекеттік және құқық қорғау органдарына тест тапсыру залдары бұрын Қарағанды қаласында өтетін еді. Қазір Балқаш қаласында өтетіні мені қатты қуанты. Өте қолайлы. Өзіміздің қаламызда ашылған тестілеу кабинеттері кеңейтілген жағдай барлығы жасалған екен»

Мемлекеттік тілді білу, еліміздің заңнамасын білу мен жеке қасиеттерді бағалау үшін тапсырылатын емтихандар онлайн түрде алынбақ. Тестілеу кезінде залдағы тыныс тіршілікке камера арқылы дыбыстық әрі бейне бақылау жүргізіледі. Өткен жылы виртуалды түрде емтихан тапсыру арқылы 460 адам мемлекеттік қызметке тұрса, 2019 жылдың басынан бері 255 адам мемлекеттік қызметке іліккен.

Айгүл Байханова — облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департамент жетекшісі: «Осы өңірдің Балқаш қаласының, Приозерск қаласының және де осы жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін өте қолайлы нәрсе. «Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстарына қатысушылардың санын көбейтеді және де іріктеу сапасын арттырады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login