Балқашқа 108 мыңға жуық жаңа оқулық әкелінді

Балқашқа 108 мыңға жуық жаңа оқулық  әкелінді.  Биылғы жаңа мазмұндағы пәндік оқулықтар 4-ші, 9-шы, 10 сынып оқушыларына арналған. Одан бөлек жоғары сынып оқушыларына жаңа пән еңгізілді.                                       

Бүгінде барлық жаңа кітаптар 17 мектеп спорт залында тұр. Әр мектептен келген кітапханашылар оқулықтарды  рет-ретімен  орналастырып жатыр.  Оқу құралдары саналып, сұрыпталып біткеннен кейін барлық мектептерге таратылатын болады.

Одан өзге биыл 10 сыныпқа  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пән еңгізілді. Бұл пән оқушылардың бизнеске икемін арттырып, экономикалық терминдерді біліп өсуіне, бағытталады. Қала бойынша 450 жаңа оқулық алып келінді.  Ал, 3 сыныптан бастап еңгізілген Ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің бүгін 4 сыныптарға арналған жаңа нұсқасы келді.

Жалпы қала бойынша биыл 108 мыңға жуық жаңа кітап алынды. Оның ішіне 4, 9, 10 сынып оқушыларына жаңа бағдарлама бойынша келген оқулықтар кіреді. Тізімде 1 сыныпқа арналған 1400-ге жуық жұмыс дәптері де бар.

Айдос Қуанышбаев  — Балқаш қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары: «Құрметті ата аналар, 2019-2020 оқу жылының дайындығына жергілікті бюджеттен оқулықтар алу үшін қаражат қарастырылған. Екінші үшінші класстың оқушыларына  ағылшын тілі мен өзін-өзі тану дәптерлері алынды. Бүкіл оқулықтар мектептерге жеткізіліп, екінші үшінші қыркүйек күні барлық оқушыларға таратылады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login