Балқаштық бишілер республикалық хореография конкурсында үздік атанды

6 мен 10 жас аралығындағы бүлдіршіндердің бұл үлкен сахнада алғаш өнер көрсетуімен қатар бірінші жеңістері.

Алматыда өткен республикалық конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен  әр жас аралығындағы 25 құрама қатысты.  Балқаш пен Қарағанды облысынан «Timur’s team» би тобы өнер көрсетті.  Жерлестеріміз  6 мен 10 жас аралығындағы кіші топта үздік атанып, бірінші орынды иеленді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login