«Бірыңғай тарих» мотошеру қатысушылары Балқашқа келді

Ресейден шыққан мотошерушілер Балқашқа ат басын тіреді. 14 тамыз күні «Қара пышақ» деп аталатын байкерлер клубынан 10 адам Екатеринбург қаласынан шыққан болатын. («Бірыңғай тарих» акциясы Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мотошеру маршруты: Қостанай, Атбасар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Алматы қалаларын қамтиды. Өткен сенбі Оралдық байкерлер соңғы нүктелерінің бірі Балқашқа тоқтады. Желтоқсан көшесі бойындағы танк ескерткіші жанында жиналды. Одан соң мәңгілік алауға барып, гүл шоқтарын қойып, Балқаштық ерлер рухына 1 минуттық үнсіздікпен тағзым етті. Мотошерудің соңғы нүктесі Алматы қаласы. Ресейден шыққанда 10 адам болған байкерлер қатары әр өңірден ерікті жандармен толығып отырған. «Қара пышақтар» өз қалаларына қыркүйектің басында оралмақ.

Виктор Мариненко – «Бірыңғай тарих» мотошеруінің жетекшісі: «Қостанай мен Алматы арасында 5200 шақырымды жүріп өтеміз.  Негізгі нүктелеріміз осы қалалардағы Ұлы Отан соғысының ескерткіштері. Бұл біздің 3-ші мотошеруіміз. Былтыр Екатеринбургтен, Берлин одан әрі Прагаға дейін барғанбыз. Бұл жолғы шеруге 3-4 айдай дайындалдық»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login