Арыстық 200 балаға оқу сөмкелері мен спорттық киім мен аяқ киімдер табыс етілді

Облыстық білім басқармасының жетекшісі мен «Сары Қазына» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Бектау атадағы «Факел» лагеріне ат басын бұрды. Құрметті қонақтар «Факел» демалыс орнын аралап, Арыстық балақайларға жаңа оқу жылына деген киім мен жабдықтарын табыс етті.

Балаларға демеушілік етуге келген Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев пен «Сары Қазына» ЖШС-нің бас директоры Павел Семенченко. Құрметті қонақтарды қарсы алуда Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімі де болды. Лагер басшылығымен бірге демалыс орнының барлық алаңын аралап, «Факелдің» тыныс тіршілігімен етене танысты.

Арыстық оқушылардың жазғы демалысы қызықты да көңілді өтіп жатқаны байқалады. Себебі мұнда, кинозал, шағын волейбол, баскетбол алаңы, велосипед паркі, көше тренажерлары, этно-ауыл, шатыр астындағы үстел ойындарына арналған орындар бар. Экскурциядан соң салтанатты жиын өтті.

Есенғазы Иманғалиев – Қарағанды облыстық Білім басқармасының басшысы: «Сендердің жарқыраған мінездеріңді, көздеріңді көріп, өзіміз айтып отырмыз үлкен рахмет. Үлкен педагогикалық ұжым Айман Бекболатовна басқарып отырған ұжымға сендер жаз бойы осы кісілердің қолында үйлеріңізде демалғандай  болдыңыздар. Сондықтан осы демалыс мен енді ойлаймын өздеріңізге естелік. Үлкен естелік болады. Үлкен азамат болып мектеп табалдырығын аттап, осы ағаларыңыз, апаларыңыз сияқты дәрежеге көтерілуге тілектеспін»

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облыстық білім басқармасының демеушілігінен арыстық балаларға 100 мектеп сөмкесі сыйға тартылды. Ал «Сары Қазына» компаниясы тарапынан барлық балақайларға спорттық киім мен аяқ киім табыс етілді. Мұндай сый-сияпатқа деген арыстықтардың қуанышы шексіз, демеушілерге алғыстан басқа айтары жоқ.

Мадина Пернебаева – Арыс тұрғыны: «Біз бұл жаққа лагерге 25 күнге келдік. Және бұл жақтағы лагерде өте тамаша. Көптеген ойындар бар. Және нағыз демалыс орны». 29.04 «Әрине бірінші кезекте алғысымызды білдіреміз. «Арыс біз біргеміз» акциясының басталғанына қуаныштымыз. Көптеген балалар мектепке киімдер алып жатыр. Көмек көрсетіліп жатыр. Алғысымызды білдіреміз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login