Балқаш қалалық ауруханасына терезеден құлап кеткен екі адам жеткізілді

Балқаш қалалық ауруханасына терезеден құлап кеткен екі адам жеткізілді. Бірі балқаштық болса, екіншісі приозерск қаласының тұрғыны. Тезеден құлап кеткен ұлдардың кішісі небары 2 жаста. Приозерск қаласының тұрғыны москит торына сүйенемін деп 1-ші қабаттан құлап кеткен. Басынан жарақат алып, Балқаш қалалық ауруханасына жеткізіледі.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі: «Компьютерлік тамографиядан науқастың төбе сүйектерінің сынғанын көруге болады. Бүгінде баланың жағдайы тұрақты, бас миында қан құйылу, зақымдалу болмаған. Жағдайы тұрақты»

Дәл сол күні травматология бөліміне тағы бір науқас келіп түседі. Балқаштық 13 жасар жеткіншек 2-ші қабаттан құлап кеткен. Салдарынан бас миы шайқалып, табан сүйегі сынған. Түрлі жарақаттар алған. Алдағы 5-6 тәулікте екі емделуші де ауруханадан шығарылмақ.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі: «Жеткіншектің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Компьютерлік тамография мен рентген түсірілімінен  кейін науқастың жағдайы тұрақты деуге болады. Сондай-ақ диагностикалық лапароскопия жүргізілді. Құрсақ қуысы патологиясы анықталмады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login