Балқаштық келіншектер инфекцияға талдаманы тегін тапсыра алады


Ол тізімге қауіпті топтағы әйелдер мен жүктілікті жоспарлап жүрген болашақ аналар кіреді.

Қалада сәби өлімінің көрсеткіші артқан. Медицина қызметкерлерінің айтуынша оған көп жағдайда ата-аналардың жүктілікті дұрыс жоспарламауының әсер ететін көрінеді. Одан өзге созылмалы аурулар, жыныстық қатынаспен берілетін  дер кезінде анықталмаған және емделмеген  бактериялар мен вирустар да  баланың өлі туылуына бірден бір себепші. Сондықтан,  жоғарыда аталған санаттағы келіншектерді Торч  (TORCH) инфекция тобына тегін тексеретін болады. Бұл тексеріске  Б гепатиті, қызамық, сифилис, токсоплазмоз,хламидиоз сынды инфекциялар тобы жатады. Осыған дейін бұл талдамалар тек көрсеткіштер бойынша тапсырылатын.Ал, қазір қыз-келіншектер өз учаскілік дәрігеріне барып жолдама ала алады. Биылдың өзінде мыңға жуық әйелді тексерістен өткізу жоспарланып отыр.

Майя Құнарбекова№2 емхана директорының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары: «TORCH- инфекциясына жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер, түсік тастағандар, уақытынан ерте босанған келіншектер тапсыра алады. Бұл әйелдер қауіпті топ санатына жататындықтан олар инфекцияға міндетті түрде талдама тапсыруы тиіс

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login