Қазақстанда тегін дәрілер туралы сұрақтарға жауап беретін қысқа нөмер іске қосылды. Енді 1439 нөміріне қоңырау шалу арқылы өзіңізге керекті ақпаратты біле аласыз. Хабарласу тегін. Ал операторлар диспансерлік есепте тұрған науқастарға берілетін препараттардың қай уақытта түсетінін, қанша көлемде келетінін айтып береді. Оған қоса 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін дәрілер бойынша емханаларда бірыңғай электронды анықтама пайда болады. Оның көмегімен емделушілер қандай дәрілердің түскенін, қаншасы қалғанын көре алады. Тіпті қашан жаңа препарат жеткізілетіндігін білуге мүмкіндік туады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login