Балқаштық оқытушылар мен бизнесмендер тәлімгер болуды үйренуде

Балқаштық оқытушылар мен бизнесмендер  тәлімгер болудың қыр сырын меңгеруде. Жас мамандарды қалай даярлау керектігін үйрету үшін  облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі келді. Бүгін түрлі компания мен зауыт және колледж  мамандары оқушы болып партаға отырды.  Сабақ тақырыбы: тәлімгер дегеніміз кім және ол қандай болуы тиіс?  Дуал жүйесі бойынша студенттерді қалай оқыту керек?  Өз тәжірибеңмен қалай бөліскен дұрыс? Міне бұл сауалдарға облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі жауап берді. Келер жылдан бастап, тәлімгерлердің жұмысын бағалау туралы жаңа ереже енеді.  Сол себепті олар өздерінің міндеттері мен құқықтарын білулері қажет. Семинар кешке дейін жалғасты. Соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Қарлыгаш Оспанова – Облыстық  кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы

«Бүгінгі таңда жас мамандарды даярлауда тәлімгердердің үлесі зор.  Себебі тәлімгер тәжріибелі жұмысшы. Ол өз білгенін жас буынға үйретуі тиіс.  Студенттермен және жұмыскерлермен қалай жұмыс істеу керектігін білуі қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать