Балқаш жаңалықтары 01.11.18

 

1. Ленин көшесінде асфальт төсеу аяқталды. Салынған жол қаншалықты сапалы? Бұл сұраққа жауап алу үшін қала басшылары Қарағандыдан арнайы мамандарды шақырды.

2. Балқаш бюджетінде үнемделген 90 млн теңге түсті. Бұл қаржы мемлекеттік сатып алу шарасын жүргізген кезінде артық қалған. Қазір оның жартысы игерілді.

3. Қазақстанда тегін дәрілер туралы сұрақтарға жауап беретін қысқа нөмір іске қосылды. Енді 1439 нөміріне қоңырау шалу арқылы өзіңізге керекті ақпаратты біле аласыз. Хабарласу тегін. Ал операторлар  диспансерлік есепте тұрған науқастарға берілетін препараттардың қай уақытта түсетінін, қанша көлемде келетінін айтып береді.

4. Балқаштық оқытушылар мен бизнесмендер  тәлімгер болудың қыр сырын меңгеруде. Жас мамандарды қалай даярлау керектігін үйрету үшін  облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі келді. Түрлі компания мен зауыт және колледж  мамандары оқушы болып партаға отырды.

5. Балқашта жыл мұғалімі анықталды. Бүгін конкурстың финалдық кезеңі өтті. 17 мұғалімнің ішінен суырылып алға шыққан 7 оқытушы  сахнаға шығып, ел алдында өнерлерін паш етті.  Өздері құрастырған әдістемелік құралдарымен таныстырды.

6. Балқаштық құтқарушылар көлге батып бара жатқан адамды аман алып қалды. Осындай сценарий бойынша ТЖ қызметкерлері қыс-2018 оқу-жаттығуын өткізді.

7. Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан турнир басталды. Биыл 2-ші жыл ұйымдастырылып отырған жарысқа 15 команда қатысуда. Ал жүлде қоры 300 мың теңге. Құрамалар А және Б топтарына бөлініп ойнауда.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать