Қоңырат мөлтек ауданында екі қабатты ғимарат өртке оранды

Қоңырат мөлтек ауданында 2 қабатты ғимарат өртке оранды. Мекеме көп жылдар бойы қаңырап бос тұрған. Биыл үшінші рет жанып отыр. Осы жолғы жалынның аумағы 100 шаршы метрді құрады. Иесіз қалған ғимарат соңғы рет осыдан 2 ай бұрын жанған еді. Ол кезде қызыл жалын 300 шаршы метр жерді жалмады. Төбесі ішке құлап, құтқарушылардың жұмысын біраз қиындық тудырды. Тілсіз жауды толық ауыздықтауға 1 тәулік уақыт жұмсалған болатын. Ал осы жолы ғимараттың ағаштан жасалған қабырғалары өртенді. Жалын таңғы 9- ға қарай басталған. Оны өшіруге 3 сағат уақыт кетті.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің басшысы
«Жалынды өшіруге 3 техника және 10 адам жұмылдырылды. 2 қабатты ғимарат өте үлкен. Биыл осымен үшінші рет жанып отыр. Бірінші мен екінші қабаттың арасындағы ағаш бөліктер өртенді. Оны өшіруге 3,5 сағат жұмсалды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать