Балқашта жер үйден өрт шықты

Қалада жер үйден өрт шықты. Үш бөлмелі үйдің бір бөлмесі түгел жанып кетті. Оқиға күндізгі сағат төрттің шамасында Жезқазған көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Сол уақытта түпкі бөлменің терезесі қарайып, қара түтін сыртқа қарай будақтаған. Ал оны көрген куәгерлер бірден өрт сөндірушілерді шақырды. Мамандар алау ішіне терезе арқылы кіріп, екі көлікпен 10 шаршы метрлі жалынды ауыздықтады. Бастысы үйде ешкім болмағандықтан зардап шеккендер жоқ.

«3 бөлмелі үйдің түпкі, жатын бөлмесі жанды. Оның ішіндегі жиһаздар, теледидар, киім-кешек, көрпе-жастықтар жарамсыз болып қалды. Барлығы сыртқа шығарылды.Үй иелері сыртта болғандықтан біз терезені сындырып кірдік» , — дейді ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы Олег Грабовский.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать